Талдықорғанда алғаш рет Алматы облысы ауыл әйелдерінің форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда алғаш рет Алматы облысы ауыл әйелдерінің форумы өтті

04.07.2019

«Ел тірегі ауыл» деп аталатын басқосуға Жетісу өңірінің 17 ауданы үш қаласынан 200-ге жуық делегат қатысты. Басты мақсат ауылдағы нәзік жандыларға жан-жақты қолдау көрсетіп, беделін арттыру. Кәсіпке баулып, өз ісін бастауға негіз қалап беру. Форум аясында еліміздің бизнес кеңістігінде жүрген азаматшалар өз тәжірбиелерімен бөлісіп, семинар-тренингтер өткізді. Ауылдағы әйелдердің әлеуметтік мәселелері шешілсе, ауылдағы ағайынның өмір сүру сапасын арттыруға болады. Ал ел руханиятының алтын діңгегі ауылдың жағдайы жақсарса, тұтас мемлекеттің де әлеуеті арта түспек, дейді сарапшылар.

Қаракөз Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы ұлттық комиссияның мүшесі:

Ауылдағы қыздарымыздың үлгісі ол бөлек әңгіме. Ол үлгі ететіндей, өнеге ететіндей әңгіме. Қазақ қызын, қазақ әйелін әрқашанда ел тәрбиелеген. Ауыл тәрбиелеген. Демек біз осыған баса назар аударуымыз керек. Біздің рухани жаңғыруымыз ең алдымен қазақ қызы мен қазақ әйелінен бастау алу керек.

Хабарламаларға жазылу