Петропавлда ауыл әйелдерінің форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда ауыл әйелдерінің форумы өтті

08.09.2023

Шалғай елдімекендерде тұратын қыз-келіншектер қоғамдық өмірден қалыс қалмауы керек. Бұл мәселе Петропавлда өткен ауыл әйелдерінің өңірлік форумында көтерілді. Нәзік жандар өздері шығарып отырған өнімдерді көпшілік назарына ұсынды. Жиынға өз кәсібін дамытуды мақсат еткен қыз-келіншектер қатысты. Бизнес негіздері, фермерлік дағдыларды дамыту және кооперация тақырыбы бойынша тренинг өткізілді. Ауыл әйелдерін қолдауға бағытталған форум 2018 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 

Майра Айсина, ұйымдастыру алқасының төрағасы:

Біз 65 мыңдай әйелді үйретіп шықтық. Тек қана ауыл әйелдерін. Соның 117-сі бүгінгі таңда осы гранттың иегері. Биыл тағы 20 әйел грант  алатын болады. 


Эльмира Каленова

Хабарламаларға жазылу