Өскеменде алғаш рет ауыл әкімдерінің форумы өтті

01.10.2017

Ауылдағы ағайынның жоғарыға жалтақтамай, өз мәселелерін өздері шешетін күн алыс емес. 2018 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқаруға дербес бюджет бекітілетін болады. Яғни, еліміздегі ауыл, кент әкімдері мемлекетке қол жайып отыруды қойып, қордаланған мәселелерді жергілікті жерде шешулері тиіс болады.

«Өзін-өзі басқару туралы» заң талабы осы. Осы аптада Өскеменде ауыл әкімдерінің форумы өтті. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған жиынға жергілікті атқарушы органдардың 500-ден астам өкілі қатысты. Жаңағы дербес бюджеттің орындалуы қалай бақыланады? Кімдер бақылайды? Әкімдер форумына қатысып қайтқан тілшімізден білейік.

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу