Орталық- Шығыс автожол дәлізін салып жатқан мердігер мемлекетке ірі көлемде айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық- Шығыс автожол дәлізін салып жатқан мердігер мемлекетке ірі көлемде айыппұл төлейді

02.07.2019

«ҚазАвтоЖол» ҰК Павлодар филиалы басшысының орынбасары мен «Орталық- Шығыс» автожол дәлізін салып жатқан мердігер мемлекетке ірі көлемде айыппұл төлейді. Павлодардың қылмыстық соты шығарған үкім осындай. Естеріңізге сала кетейік, «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша «Астана-Павлодар-Өскемен» автокөлік жолының 5 бірдей учаскесінде құрылыс жүргізген компания өкілі атқарылған жұмысты қабылдау актісіне қол қойдыру үшін басшыларға «пара» берген болатын. Осы іске қатысы бар «ҚазАвтоЖол» филиалының басшысы мен «Павлодаржоллаборатория» мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты қылмыстық іс әлі қаралып жатыр. Ал, қылмысты бірден мойындап, процессуалдық келісім жасаған мердігер компания өкіліне сот 6 млн, теңге айыппұл белгіледі.

Жанар Тұрлыбаева, №2 қылмыстық соттың судьясы:

Дарабаев Медет Темірзақұлын айыпты деп санап қылмыстық кодекстің 366 бабының 1 ші тармағы бойынша жаза қолданылсын. Нақтырақ айтқанда берілген пара көлемінен 20 есе көп айыппұл төлейді. Мемлекет есебіне 1 млн. 800 мың теңге қаржы өндіріліп алынсын.

Хабарламаларға жазылу