Өскемендік шенеунік екі миллион теңге парамен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендік шенеунік екі миллион теңге парамен ұсталды

28.01.2014
Өскемендік шенеунік екі миллион теңге парамен ұсталды
 

Шығыс Қазақстан облысында ірі көлемде пара алған шенеунік ұсталды. Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Құрманғалиев Өскемен қаласындағы мердігер фирмалардың бірінен 2 миллион теңге талап еткен.

Ол өзінің осы кәсіпорынға алдағы уақытта қамқорлық жасап тұруын және кәсіпкерлікпен еш кедергісіз айналысуға мүмкіндік беруін осылай бағалапты. Ақшаны көлік жүргізушісі арқылы алмақ болған.

 
Қаржы полицейлері шенеуніктің жіберген адамын параны алып жатқан жерінде қолға түсірді. Күдікті басшы және оның көлік жүргізушісі өз кінәләрін толық мойындады. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі бойынша 3 күннің ішінде аяқталып, прокуратураға жіберілді.  
 
Бейбіт Сиқымбаев, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма басшысы:
Алдағы уақытта қамқорлық жасап тұруы үшін 2 миллион теңге пара алып жатқанда қолға түсті. Аталған соманы өзінің көлік жүргізушісі арқылы алған.
 
Берік КӨШЕРБАЕВ
 

Хабарламаларға жазылу