Арыстағы жағдайға кәсіпқой спортшыларымыз да алаңдаулы. Былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы қаржылай көмек көрсететінін айтты. Ол бейбіт күнде қаншама адамның қайғырып, үйсіз қалғанын ескеріп, ағайындарды сабырға шақырды. Сондай-ақ, «Біз жеңіске жеткенде қуанатын халық қайғырғанда тыныш жату бізге сын», -деп өзінің инстаграмдағы парақшасында ағынан жарылды. Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы Лос-Анджелес қаласында өткізген жекпе-жегінде мексикалық Кристиан Олливасты жеңіп, WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерін иеленген болатын. Қаржысының жартысын аударатын болды.
Нысаналы ЫҒЫЛ