Атыраулықтар Арыстағы ағайынға 25 тонна гуманитарлық көмек жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулықтар Арыстағы ағайынға 25 тонна гуманитарлық көмек жіберді

26.06.2019

Азық-түлік пен қажетті заттардың көп бөлігі жүк көлігіне, қалғаны пойыз вагондарына тиелді. Игілікті іске, өңір жұртшылығы мен арнайы мекемелер атсалысты. Сондай-ақ, сауда орталығындағы 100-ден астам кәсіпкер, өз қоймаларынан азық-түлік беріп, қол ұшын созды. Жуық арада гуманитарлық көмек тағы да жөнелтілмек. Жүкті арысқа дейін жеткізуді, облыс әкімдігі мен полиция департаментінің қызметкерлері қадағалайды.

Нұрлан Тәуекел, Сауда орталығының директоры:

Халқымыздың бірлігін көрсету мақсатында. Мынандай жағдайды ешкімнің басына бермесін деп тілейміз. Мына біздің жіберіп жатқан азық-түлігіміз, көмегіміз қиын жағдайда қалған арыстағы халыққа көмек болады деген сенімдеміз.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу