Семей әкімшілігі қателесіп жеке меншікке сатып жіберген көшені сот арқылы кері қайтарып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семей әкімшілігі қателесіп жеке меншікке сатып жіберген көшені сот арқылы кері қайтарып алды

21.06.2019

Қаладағы автобекет орналасқан Уәлиханов көшесінің бір бөлігі бір жыл бұрын 14 миллион теңгеден астам қаржыға сатылып кеткен. Кейінірек саудаға түскен көше қаланың бас жоспарына енгендігі анықталды. Заңға сәйкес бұл аумақ мүлдем сатылмауы тиіс болған. Мәселені біздің өңірдегі тілшілеріміз де бірнеше мәрте көтерген. Қазір әкімшілік өкілдері әу, баста көшені сатуда жер комиссиясы өрескел қателіктерге жол бергендігін мойындап отыр. Алайда, заңсыздықты сот арқылы ретке келтірген.

Құдайберген Сейілханов, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

Енді ол жерде, жер комиссиясының құрамын өзіңіз білесіз ғой. Депутаттар бар, қоғамдық ұйымдар бар, кәсіпкерлік бөлімдері бар. Олар көбінесе мына кәсіпкерлерді жақтайды. Сондықтан сондай жағдай. Ешкім аңғармаған. Ол қателік түзетілді. Орнына келтірілді.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу