Атырау облысында «Жаңа серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы жүзеге асуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында «Жаңа серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы жүзеге асуда

19.06.2019

Бірегей жоба, халықаралық жүйеде білім беретін, жоғары техникалық колледждің базасында ұйымдастырылды. Оқу курсына келушілер өндіріске өте қажет жұмысшы мамандықтар бойынша оқытылады. Айта кетерлігі, мемлекеттік бағдарлама биыл тұңғыш рет жергілікті компаниялардың қаржысымен қолдауға ие болды.

Яғни жұмыс берушілер жастарды тегін оқытып, кейін кепілді түрде өздеріне жұмысқа қабылдайды. Бағдарламаның тиімді жақтары көп. Мәселен жұмыссыз жастарға шәкіртақы төленіп, ыстық тамақ пен жатын орын беріледі.

Бүгінде Маңғыстау облысынан шақырылған 30 жас оқуды бастап кетті.

Адайбек Базарғалиев, оқу курсының тәлімгері:

Екі-үш айдың ішінде дайындаймыз, соны бітіргеннен кейін біз белгілі компаниялармен отырған шарттарымыз бар, сол серіктестердің арқасында олар өндіріске жолдама алады.

Димаш Сүйіндіков, оқу курсына қатысушы:

«Электрмен қамту» мамандығы бойынша білім алып жатырмыз. Жалпы өзімнің ойым алдағы уақытта, осы мамандығым бойынша жақсы жұмыс жасаймын деген сенімдемін.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу