Б.Нұрымбетов: 1,2 млн адам жұмыспен қамту шараларына тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Б.Нұрымбетов: 1,2 млн адам жұмыспен қамту шараларына тартылады

05.05.2020

Төтенше жағдайдан соң ешкім жұмыссыз қалмайды. Керсінше, биыл шамамен 1 млн 220 мың адам жаңа жұмысқа тартылады. 

Бүгін Үкіметте халықты жұмыспен қамту мәселесі талқыланып, әр өңір әкімдерімен тиісті жоспарлар пысықталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың сөзінше, жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бекітілген. 

Нақтырақ айтсақ, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 6 506 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып, 255 мың адам екі қолға бір күрек таппақ. Ал «Еңбек» бағдарламасы 600 мың адамға жаңа жұмыс орнын ұсынса, жүйелі жүріп жатқан басқа да мемлекеттік бағдарламалар тағы 364 мың адамды еңбекке тартпақ.

Хабарламаларға жазылу