Атырау облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда

23.07.2019

Атырау облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасын қарқынды түрде жүзеге асыру үшін кешенді жұмыстар басталды. Табысы төмен жанұяларға тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін бастамаға аймақ халқы көптеп қызығушылық білдіруде. Бағдарламаның игілігін көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі баласы бар жанұялар, сондай-ақ айлық табысы 42500 теңгеден аспайтын отбасылар көре алады.

Аймақта аталған санатқа кіретін және кезекте тұрған 8505 тұрғын бар. Несие 20 жылға дейін 2-10 проценттік үстемеақымен беріледі. Қазір өңірде аталған бағдарлама бойынша тізім жасақтау шаралары басталды. Бүгінде облыста 1440 пәтерлік 6 көпқабатты үй салынуда.

Мұрат Иғалиев, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

Жалпы, бағдарлама бойынша 2,5 млрд теңге бөлінген Атырау облысына. Бұл бағдарламаның мақсаты - белгіленген категориядағы тұрған адамдардың кезек санын азайту.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу