Интеграция қатынастарының игілігі мол - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интеграция қатынастарының игілігі мол

12.07.2014
Интеграция қатынастарының игілігі мол

Ақтаудағы сүт және нан өндіретін зауытты игерген кәсіпкер Зарета Фаталиева интеграциялық қарым-қатынастың оңтайлы жақтарын көріп отыр. Ресей, Беларусь елдерінен шикізат пен техника алдыратын оған көптеген жеңілдік жасалған.

Қазір 30 түрлі сүт пен 100 түрлі нан өнімдерін шығарады. Тәулігіне осы өнімдердің 30 тоннасын сатылымға жібереді. Зауыттың сапалы өніміне сұраныс артып келеді. 

Зарета Фаталиева, «Берекет» ЖШС директоры:

Интеграциялық қарым-қатынастардың кәсіпкерлер үшін игілігі мол. Қағазбастылықтан құтылдық. Ресей мен Беларусь елдерінен тапсырысымыз әлдеқайда жылдам жететін болды. Көлік шығыны азайды. Кәсіпкер үшін осыдан артық не керек?

Жазира ӘБІЛ

 

Хабарламаларға жазылу