Н.Назарбаев: Қиын-қыстау кезеңде жүзеге асырылып жатқан шаралар елдің игілігі үшін жұмыс істеуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: Қиын-қыстау кезеңде жүзеге асырылып жатқан шаралар елдің игілігі үшін жұмыс істеуде

02.07.2015
Н.Назарбаев: Қиын-қыстау кезеңде жүзеге асырылып жатқан шаралар елдің игілігі үшін жұмыс істеуде

Қиын-қыстау кезеңде жүзеге асырылып жатқан шаралар елдің игілігі үшін жұмыс істеуде.  

Елордадағы «Көрме» орталығында «Нұрлы жол» және «Үдемелі-индустриалды инновациялық даму» бағдарламаларына арналған жалпыұлттық телекөпірде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев осылай деді.

«Қазіргі салынып жатқан өндіріс болашақта экономикамызға мол пайда әкеледі. Қазақстанның экспорттық күшін ұлғайтып, халыққа жұмыс орнын береді.

Қиын-қыстау кезеңде жүзеге асырылып жатқан шаралардың барлығы елдің игілігі үшін жұмыс істеуде. Бүгінгі баяндалған жұмыстар нәтижесі қанағаттанарлық. Себебі, бұл біздің бағдарламалардың орындалып жатқанын көрсетеді», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Елбасы Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында 33 миллиард АҚШ долларынан астам шетелдік инвестиция тартылғанын атап өтті

Соның тең жартысы «Үдемелі-индустриалды инновациялық даму» бағдарламасына жұмсалған. Жаңадан 770 мекеме іске қосылып, 4,5 триллион теңгенің өнімі өндірілген.

«Ол өндірістер экономикаға мол пайдасын тигізуде. Бүгінде өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 1,7 есе артып отыр. Басқа өндірісте мұндай өсім жоқ», - деді Н.Назарбаев.

Хабарламаларға жазылу