![Интеграция игілігі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75326.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Кедендік одақтың тиімділігін бүгінде осы ұйымға мүше үш ел де нақты сезінді.
Биыл Солтүстік Қазақстан облысының Кедендік одақ елдерімен тауар айналымы артқан. Соның бірі - Беларусь елі.
Қазіргі күні екі арада ауыл шаруашылығы, машина жасау тауарларының айналымы артқан. Ал, ол жақтан Қазақстанға жиһаз жеткізіледі.
Екі арадағы сауда-саттықты жандандыру үшін Петропавлға Беларусь елінің жиһаз жасау зауытының өкілдері келді. Мақсат - өз өнімдерін жұртшылыққа ұсыну және Қазақстаннан әріптес табу.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Интеграция игілігі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/7008/)