Бүгін  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен келіссөз жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен келіссөз жүргізді

31.05.2019

Ақордада өткен ресми қарсы алу рәсімінен кейін, тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ ынтымақтастығының болашағын талқылады. Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес төрағасының сапары әріптестіктің артуына тың серпін беретінін айтты. Ал  Дональд Туск  Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптесік келісімін ратификациялау басталғанын жеткізіп, бұл құжаттың кейбір тұстары қазірдің өізнде жүзеге аса бастағанын айтты.  Аталған стратегиялық келісім 2015 жылы Орта Азияда алғаш болып Қазақстанмен арада бекіді.  Дәл осындай стратегиялық келісім енді Орта Азияның өзге де елдерімен бекітілмек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 Ең алдымен, менің шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға біздің мейманға ЕС Президенті Дональд Тусске ризашылығымды білдіремін.  Біздің өңірге қатысты Еуропалық Кеңестің жаңа стартегиялық келісім қабылдауы аясында Президент Дональд Тусктің Орта Азия елдеріне сапары айырқыша маңызды. Бұл құжат және осы сапар Орталық  Азиядағы  саяси  және экономикалық тұрақтылықты нығайтуда еуропалық тараптың күш- жігер жұмылдыруға дайын екенін дәлелдейді.

 Дональд ТускЕуропалық Кеңес төрағасы:

 Қонақжайлық танытқандарыңыз үшін көп рахмет! Біздің сіздермен тәжірибеміз бен өзара қарым-қатынастарымыздың тарихы – ортақ. Қазақстан мен Одақ арасындағы келісім ратификацияланады. Бұл жұмыс аяқталмай жатып келісімнің кейбір тұстары қазірдің өзінде жүзеге аса бастады. Ол экстремизммен күрес, экология саласындағы ортақ жұмыстар. 

Дарынды да дара жеткіншектер бүгін құрметке бөленді. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Парламент Сенатының депутаты, Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Айтпаева Елордада таланты, талапты балалармен кездесіп, алдағы мейрамдарымен құттықтады.

Сондай-ақ, шара барысында омбудсмен еліміздің өзге де аймақтардың балаларымен бейне байланысқа шықты. Бұл балғындар жастары кіші болғанымен, үлкен істерді атқарып келеді. Аймақтық, республикалық, халықаралық сайыстарда жеңімпаз атанып, әлеуметтік және шығармашылық жобаларды жүзеге асырып жүр.

Сәуле Айтпаева, ҚР Парламент Сенатының депутаты, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

Бұл мереке – бүкіл әлем мен мемлекеттер үшін маңызды мереке. Айтулы мерекемен тұспа-тұс келген іс-шарамыз мемлекеттік саясатта бала мәселелерінің басымдылығын сөзсіз мойындау тұрғысынан символдық және елеулі оқиға болып табылады. Бұл күні барлығы балалардың өмірін жақсартуға, балалардың құқықтарын қорғауға және олардың әлеуетін іске асыруды қолдауға дайын екендігін көрсетеді. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу