Мемлекет басшысы бірқатар елдің президенттерімен келіссөз жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы бірқатар елдің президенттерімен келіссөз жүргізді

20.09.2023

Қазақстан мен Румыния арасындағы сауда-саттық көлемі 20 пайызға артып, 1,3 миллиард долларға жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Румыния Президенті Клаус Йоханниспен кездесуінде айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық қарым-қатынастарға тың серпін беру үшін Үкіметаралық комиссияның, Қазақстан және Румыния Іскерлік кеңесінің жұмысын жандандыру мақсатында келіссөз жүргізді. Клаус Йоханнис екі жақты ынтымақтасты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы АҚШ-қа іс-сапары барысында Черногория Президенті Яков Милатовичпен де келіссөз жүргізді. Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды серіктес ретінде қарастыратымыз деген Президент, келесі жылы Подгорица қаласында Қазақстанның Кон-сулдығын ашу жоспары туралы айтты. Черногория Президенті жан-жақты байланысты одан әрі нығайтуға ниет білдірді. Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович бір-бірін өз елдеріне ресми сапармен келуге шақырды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Моңғолия Президенті Ухнаа-гийн Хурэл-сухпен де келіссөз жүргізді. Президент екіжақты байланыстарды стратегиялық серіктестік деңгейіНЕ дейін кеңейту мүмкіндігіне назар аударды. Екі елдің Іскерлік кеңесін құру қажет екенін айтты. Кездесу соңында президенттер жақын арада бір-бірінің еліне сапармен бару мүмкіндігін талқылады.

Мемлекет басшысы Кения Республикасының Президенті Уильям Рутомен кездесті. Онда сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланды. Уильям Руто қазақстандық компанияларды Кения экономикасына белсенді түрде инвестиция құюға шақырды. Мемлекет басшысы өзара ынтымақтастықты нығайтудың мүмкіндіктерін зерттеу үшін Кенияға сауда миссиясын жіберуге ниетті екенін айтты. Сондай-ақ, Уильям РутоНЫ келесі жылы Қазақстанға сапармен келуге және Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльмен де кездесті. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев сирек металдар өндірісін, атом энергетикасын дамыту салаларындағы экономикалық ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына тоқталды. Корея Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді.


Хабарламаларға жазылу