Қала күні қарсаңында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Астана қалалық өкілдігі бизнес өкілдері үшін интернет портал ашпақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Астана қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов хабарлады. Портал astana2050.kz деп аталады.
Онда қаладағы кәсіпкерлікке қатысты барлық ақпарат пен талдамалық материалдар және қаржылық құралдар туралы ақпарат қамтылады. Сайтта қалада орналасқан барлық кәсіпорынның мекенжайы мен байланыс телефондары қамтылған ақпараттық база да болады.
Сондай-ақ, палата өкілдері елордадағы мемлекеттік колледждердің бірінің базасында ресурстық-технологиялы орталық ашқан.
Мейірбек Мәжитов, Астана қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры:
Бұл орталық өз жұмысын бастады. Басты мақсаты біздің осы құрылатын кәсіпорындарға, құрылыс саласында істеп жатқан кәсіпорындарға маман даярлау. Ол жердегі оқытушыларды біз дайындап жатырмыз. Одан кейін сол колледждің студенттері және екіншіден сол компаняда істеп жатқан жұмысшылар оқиды.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ