Жаңа көші-қон порталы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа көші-қон порталы іске қосылды

21.12.2023

Елімзде мигранттарға арналған жаңа портал іске қосылды. Міне дәл осы migration.enbek.kz деген портал шетелдік азаматтар туралы деректерді бір орталықтан басқаруға мүмкіндік береді. Осы арқылы бір жағынан көші-қон саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға болады. Мәселен, платформа арқылы «Қандас» мәртебесін беру, қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге болады.

Сондай-ақ «ер жолы» картасын беруге, пана іздеп жүрген адамның куәлігін алу сияқты қызметтер қолжетімді болмақ.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу