Шымкентте «Бизнеске арналған Үкімет»  орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Бизнеске арналған Үкімет»  орталығы ашылды

31.05.2019

Шымкент қаласында кәсіпкерлікті қолдау, оны дамыту мақсатында  «Бизнеске арналған Үкімет»  орталығы ашылды. Кеңсе «бір терезе» жүйесі бойынша жұмыс істейді. «Бизнеске арналған Үкімет» бұған дейінгі кәсіпкерлер палатасы ұсынған қызметтерді жүзеге асырады. Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін бұл жерге «Даму» қоры, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы, мемлекеттік органдардың қызметі  шоғырланған. Кәсіпкерлерге олардың қызметін  бір  жерден  алуына мүмкіндік жасалды.

Олжас Ордабаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

Кәсіпкерлік басқармасымен бірге шұғыл қоңырау болса, егер кәсіпкерге заңсыз тексерулер келсе, біз оқиға орнына барып, талдау жасаймыз. Кім келіп отыр. Заңды ма, заңсыз ба? Біздің қызметіміз бір тараптан тексеруші органдарды  бір жүйеге келтіреді. Екіншіден, кәсіпкерліктің жауапкершілігін көтереді.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу