Түркістанды түлетуге неміс компаниялары атсалыспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанды түлетуге неміс компаниялары атсалыспақ

23.05.2019

Бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Герман экономика одағының делегаттарымен кездесті. Федаративті республиканың Қазақстандағы елшісі Тило Клиннердің айтуынша,  неміс  компаниялары цифрландыру, электр қуатын өндіру, жылыту жүйесі мен туризм саласында инвестиция салуға ниетті.

Мәселен, Германияда энергетика саласында 15 жылдық тәжірибесі бар «ILF Business Consult» компаниясының атқарушы директоры Адреас Линке, Түркістан өңірінде күн энергиясынан қуат өндіретін гибритті электр станциясын салып, арнайы парк құруға дайын екендігін айтты.​

Ал «Bosch» кәсіпорнының өкілі жылыту жүйесіне қажетті қазандықтар құрып, қаланы сумен қамту жүйесін жасайтынын жеткізді.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу