Қазақ пен неміс бизнесмендері іскерлік байланысты жаңа деңгейге көтермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ пен неміс бизнесмендері іскерлік байланысты жаңа деңгейге көтермек

04.12.2017

Елімізге іссапармен Германияның беделді кәсіпкерлері келді. Бүгін олар Мемлекет басшысының қабылдауында болып, қос елдің іскерлік байланысын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге Германия экономикасы шығыс комитетінің төрағасы, халықаралық инновациялық-өнідіріспен айналысатын «Кнауф» компаниясының иесі және Германияның Қазақстандағы елшісі қатысты. Елбасы елімізде жұмыс істеп жатқан неміс компаниялары санының көптігіне ерекше тоқталып, қос мемлекеттің іскер топтары арасындағы әріптестікті арттыруға назар аудару керектігін айтты. Ал, неміс делегациясы атынан сөз сөйлеген шығыс комитетінің төрағасы бұл идеяны қолдап, Мемлекет басшысына алдымен кездескені үшін алғыс айтты.

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біз Сізбен бұған дейін Сочи қаласында кездескен болатынбыз. Сол кезде мен сіздерге Қазақстанның мүмкіндіктері жайында ақпарат берген едім. Біз неміс компанияларына жерде сирек кездесетін металлдармен, сондай-ақ, өзге де шикізат қорларымен жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отырмыз. Осы уақытта елімізде көптеген неміс копаниялары жұмыс істеп жатыр.

Вольфганг Бюхеле, Германия экономикасы шығыс комитетінің төрағасы:

- Қазақстан мен Германия арасында қарқынды экономикалық байланыс орнаған. 2017 жыл қос мемлекеттің байланысы үшін табысты болды. Импорт көлемі экспортқа қарағанда көбірек шықты. Бұл көрсеткішті одан әрі дамыта түсу керек. Біз Президентпен нақты шаралар жөнін талқыладық. Әсіресе, Қазақ жеріне Германия экономикасына қомақты үлес қосып отырған шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын компанияларды тарту мәселесін қарастырдық.

Хабарламаларға жазылу