Бақытты адамдар қайда өмір сүреді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытты адамдар қайда өмір сүреді?

21.05.2019

Еліміздегі ең бақытты адамдар Нұр-Сұлтан қаласында өмір сүреді. Стратегиялық бастамалар орталығы  жүргізген зерттеу қорытындысы осылай дейді. Тізімді Елорда бастап тұрса, одан кейінгі орындарда шымкенттіктер мен ақмолалықтар орналасқан. Ал, қарағандылықтар рейтинг соңында тұр.  


Сауалнамаға қатысқан 3 мың респондент мынадай сауалдарға жауап берген: жақындарыңыз көмектесе ме, таңдау құқығы бар ма, өзгеге көмек, денсаулық және әлеуметтік игіліктерге халықтың қолжетімділігі. 


Зерттеудің мақсаты – азаматтардың өз өмірлеріне  қаншалықты көңілі толатынын анықтау. 


Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу