Жер-жердегі жастар ресурстық орталықтары тиімді жұмыс істемейді. Осы мәселе бүгін Жастар қызметкерлері қауымдастығының кеңесінде қаралды. Мәліметке сәйкес, қазір елімізде 209 жастар ресурстық орталық желілері қала, облыс, аудан деңгейінде қызмет көрсетеді.
2014 жылдан бері ашылған орталықтардың басты міндеті – жастар саясатын жүзеге асыру. Яғни, жастар және жастар ұйымдарына қызмет ету. Алайда, олардың нәтижелі жұмыс істеуіне кадр тапшылығы, материалдық-техникалық базаның жетіспеуі және жұмыстың жүйелі бір жолға түсірілмеуі кедергі болып отыр. Бүгін өңірлік Жастар орталықтарынан келген өкілдер түйткілді мәселелерді ортаға салып, талқылады. Енді өз ұсыныстарын құзіретті органдарға жеткізбек.
Айдар Хамит, жастар қызметкерлер қауымдастығының өкілі:
Егер бүкіл біздегі қазіргі еліміздің жағдайы бойынша құқықтық-нормативтік права актілерге сәйкес кез-келген осындай шаралар белгілі-бір заң тұрғысынан қорғалу керек, бекітілу керек. Онсыз ешқандай өңірлерде не жүрмейді. Сондықтан, енді ол ұсыныстар әлі де болад. Оны біз министрлікке береміз.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ