Әзірбайжан мен Өзбекстанда карантин мерзімі ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжан мен Өзбекстанда карантин мерзімі ұзартылды

04.08.2020

Әзербайжанда карантин мерзімі тамыздың 31-не дейін ұзартылды. Шектеу шаралары күшейіп, 13 аймақта сауда орталықтары, дәмханалар, кинотеатрлар, спорт алаңдары мен мұражайлар жұмыс істемейді.

Өзбекстандағы ахуал да қиын. Мұнда карантин тамыздың 15-не дейін созылатын болды. Көрші елде COVID-19 диагнозы 26 мыңдай адамға қойылып, 150-ден астам адам қайтыс болды.


Хабарламаларға жазылу