Елордада демалыс күндері карантин талаптары күшейтіледі

26.06.2020

Демалыс күндері елордада тек азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Ірі сауда орталықтары, базарлар мен шаштараз, сән салондары, бассейн, спа, фитнес орталықтары, монша, жағажай, саябақтар мен жағалау жабық болады. Қоғамдық көліктер де жүрмейді. Сенбіде халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істемейді. Жалпы бұл күндері көпшіліктің көшеде емін-еркін жүруіне болмайды. Мамандардың сөзінше, өткен аптадағы «карантиндік демалыс» оң нәтиже берген. Сондықтан «үйдегі демалыс» қайта енгізілмек.  

Хабарламаларға жазылу