Елордада Жеңіс мерекесіне арналған автошеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Жеңіс мерекесіне арналған автошеру өтті

10.05.2019

Шараға 100-ден аса темір тұлпар иесі қатысып, соғыста қан төккен майдангерлердің рухына тағзым етті. Машиналар қаланың басты көшелерімен жүріп өтті. Автошеруді тамашалауға жиналғандардың қатарында жастар көп болды. Олар ұрыс даласында болған ата-әжелерінің суреттерін әкеліп, батырлар ерлігін дәріптеді.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шеру дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ. Сондай-ақ, мерекеге орай «Хан Шатыр» ойын сауық орталығында әскери оркестрдің қатысуымен концерт өтті. Орталыққа келушілер әскери әуендерді тыңдап, өнерпаздардың шеберліктеріне тәнті болып, алғыстарын білдірді. 

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу