Орталық және Оңтүстік Азиядағы аймақтық сауданы кеңейту мәселесі талқылануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық және Оңтүстік Азиядағы аймақтық сауданы кеңейту мәселесі талқылануда

01.07.2014
Орталық және  Оңтүстік Азиядағы аймақтық сауданы кеңейту мәселесі талқылануда

«Орталық және  Оңтүстік Азиядағы аймақтық сауданы кеңейту». Дәл қазір елордада осындай атаумен конференция өтіп жатыр.

Берік Көшербаев, тілші:

Аталған шараны АҚШ-тың халықаралық даму бойынша агенттігі ұйымдастырып отыр. Жиында Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптары, сауда рәсімдерін жеңілдету, тарифті және тарифті емес кедергілер тақрыбы сияқты түрлі мәселелер талқылануда.

Конференцияға Экономика және сауда министрлігінің ресми өкілдері қатысып отыр. Сонымен қатар, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан елдерінен де қонақтар шақырылған. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл конференцияны Қазақстанда өткізудің өзіндік мән-мағынасы бар.

Джонатан Эддлтон, USAID-тың  Орталық Азиядағы миссия директоры:

Қазақстан - қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Экономикасы мықты елдердің бірі. Аймақтық сауда саясатын кеңейту бағытында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Мұның барлығы біз үшін өте маңызды. Сондықтан, осы конференцияны қай елде өткізу туралы сұрақ туындағанда, біздің таңдауымыз бірден Қазақстанға түсті.

Берік Көшербаев, тілші:

Конференция жұмысы ертең де жалғасады. Осы уақытта  мамандар аймақтық сауда саясатын кеңейту бойынша баяндамалар оқып, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салады. Сондай-ақ, әр елдің өкілдері осы бағытта атқарылған жұмыстарының тәжірбиесімен бөліседі.

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу