Павлодар облысының Ақсу қаласында 70 көпбалалы отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының Ақсу қаласында 70 көпбалалы отбасы баспаналы болды

02.05.2019

Негізі аймақта көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылардың мәселесін шешуге 3 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Соның аясында Ақсу қаласындағы 9 қабатты үйді жапсарлай құрылыс жүргізіліп, пәтерлердің саны артты. Баспана енді жетімдер үйінде өскен балалар, мүгедектер және кезекте тұрған 32 адамға жалға беріледі. Олар ай сайын 4 мың теңге төлейді.

Ирина Мотовильник, көпбалалы ана:

- Балаларымның қуанышында шек жоқ. Себебі өте қиын жағдайда тұрдық. Павлодар қаласындағы бейімдеу орталығына барып күнелткен кездеріміз болды. Мемлекет далада қалтырмайды ғой. Міне, пәтер беріп жатыр. Ендігі арманым - балаларым жақсы оқып, жұмысқа тұрып өздеріне қажетті баспананы өз күштерімен алса деймін.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу