ШҚО-да көпбалалы отбасылар баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да көпбалалы отбасылар баспаналы болды

21.12.2020

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында 120 отбасы қоныс тойын тойлады. Бұл - соңғы 30 жылда алғаш рет салынған көпқабатты тұрғын үй. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде баспана кілттері кезекте тұрған көпбалалы, мұқтаж отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға берілді. Келер жылы шаһарда 100-ден астам отбасы баспаналы болмақ. 

Гүлхан Мырзаханова, қала тұрғыны:
Балам бірінші топ мүгедегі. Бірнеше жыл кезекте тұрдық. Өте қуаныштымыз.

Шығыс Қазақстандағы шекаралық аудан - Үржарда 50 пәтер аз қамтылған және көпбалалы аналар берілді. Әр отбасына табысталған 120 шаршы мерт баспана заман талабына сай салынған. Мұнда келер жылы да көпбалалы отбасылар үшін баспана салынбақ. 

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу