Қапшағай қаласында 50 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қапшағай қаласында 50 отбасы баспаналы болды

07.07.2021

Алматы облысының Қапшағай қаласында 50 отбасы баспаналы болды. Астана күніне орай ұйымдастырылыған игі шарада пәтер кілттерін қуаныш иелеріне шахар басшысы табыстады. Жаңа үй жылдар бойы кезекте тұрған аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналарға сондай ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар мен өзге де әлеуметтік санаттағы тұрғындарға берілді. Құрылысы өткен жылы сәуір айында басталған жобаға Нұрлы жер бағдарламасы аясында 500 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Аумағы 3600 шаршы метрден асатын көпқабатты үй бір, екі және үш бөлмелі пәтерлерден тұрады. 

 Жалпы қала бойынша 2900-дан астам адам кезекте тұр. Сондықтан, мұнда тағы осындай үш көпқабатты үй салу жоспарланып отыр. Қазір аталған бастаманың жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұл пәтерлер де аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға берілмек.


Хабарламаларға жазылу