Елордада «Жастар және руханият» атты форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Жастар және руханият» атты форум өтті

12.04.2019

Қазақстан мен Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен «Жастар және руханият» форумы өтті. Конференцияның мақсаты - өскелең ұрпақты деструктивті ағымның ықпалынан қорғау. Сондай-ақ, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Еуразия және Орталық Азия елдері дін қайраткерлерінің күшін біріктіру. Бұл шараға елорданың жоғары оқу орындарынан 300-ге жуық студент қатысты.

Бақтияр Артаев, Олимпиада чемпионы:

- Жастар саясаты басқармасы бар, сол басқарма арқылы көптеген іс-шаралар жасалса, мәселен жұмыс орнын ашып, спорт бөлімшелеріне кіру бағасын жастарға қолжетімді етіп немесе тегін болса, жастарға пайдалы деп ойлаймын.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу