Ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Руханият және өркениет» атты кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Руханият және өркениет» атты кітабы жарық көрді

30.05.2016
Ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің  «Руханият және өркениет» атты кітабы жарық көрді
Қазақ руханиятының қоры тағы бір құнды кітаппен толықты. Алматыда филология ғылымдарының докторы, шығыстанушы ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Руханият және өркениет» атты кітабының тұсауы кесілді.

Жинаққа ғалымның кейінгі жылдары руханият, әдебиет, мәдениет, исламтану және деректану саласында жазған еңбектері топтастырылған.

Зерттеулердің дені әл-Фарабиден бастау алатын қазақ топырағында туған ғұламалардың мұраларын қайта жаңғыртуға бағытталған.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу