Елордада «Жаңа белестегі жастар» форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Жаңа белестегі жастар» форумы өтті

09.12.2022

Елордада «Жаңа белестегі жастар» форумы өтті. Шара жастардың елге деген құрметін, сүйіспеншілігін арттыруды мақсат еткен. Жиынды қалалық әкімдік ұйымдастырды.

Астанада өтіп жатқан бұл форум «Жаңа белестегі жастар» деп аталады. Мұнда елордалық студенттер мен белсенді жастар жиылған. Оларға қоғамда белгілі бір жетістікке жеткен аға буын өкілдері дәріс оқыды.

Олжас Сүлейменов, «Qazaqstan Team» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

Бар нәрсені қадірлеу керек. Осы тәуелсіздік бар екеніне шүкір деуіміз керек. Және де осы тәуелсіздігімізді нығайтуға әрқайсымыз атсалысуымыз керек деп есептеймін. Сондай ойларымызбен жастармен бөлісейік деген ниетпен келіп отырмыз.

Форумның басты тақырыбы да осы тәуелсіздікке арналған. Іс-шараны Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған.

Бағдат Атымтай, Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы:

Бұл форумның басты мақсаты -  тәуелсіздігіміздің қалай жеткенін, қалай келгенін жас буынға, кіші буынға, студенттерге түсіндіру. Бүгінгі формунан біз байқағанымыз, студенттер, жастар тәуелсіздігіміз қалай келгенін және тәуелсіздігімізді бағалайтынын бізге көрсетті.

Салтанатты шарада елімізге танымал спорт, мәдениет, білім, ақпараттық технологиялар, медицина, бизнес, медиация салалары өкілдерінің қатысуымен арнайы шеберлік сабақтары да өтті.

Серік Селеубайұлы


Хабарламаларға жазылу