Алматыда көпбалалы аналарға азық-түлік пен киім-кешек алу үшін 22 миллион теңгеге көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көпбалалы аналарға азық-түлік пен киім-кешек алу үшін 22 миллион теңгеге көмек көрсетілді

02.04.2019

Осы уақытқа дейін «Бақытты отбасы» жобасы аясында 1000-ға жуық отбасыға 30 мың және 60 мың теңгелік сертификаттар табысталды. «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы мұндай атаулы көмекті одан әрі қарай жалғастыра береді. Өйткені қалада 14 мыңнан астам көпбалалы ана бар.

Мөлдір Оралбекова - 7 баланың анасы. «Алтын алқа» иегері көпбалалы аналарға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің өсетіндігін естіп, бүгін құжаттарын өткізді. Мамандармен кездескен ол «Бақытты отбасы» әлеуметтік қорынан 60 мың теңгелік екі сертификат берілетіндігін білгенде қуанышын жасырмады.

Мөлдір Оралбекова, көпбалалы ана:

- Көп көмек болады деп ойлаймын.

Биыл ашылған «Бақытты обасы» әлеуметтік қорына қазіргі кезде 100 милионнан астам қаржы жиналған. Оның 22 миллионы жұмсалған. 4 баласы барларға 30 мың теңгелік, 5 баладан жоғары отбасыларға 60 мың теңгелік сертификаттар табыс етілді.

Станислав Конкуров, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

- Біз көпбалалы аналарға жеті бағыт бойынша көмек көрсетіп жатырмыз. Киім алуға, тамақ алуға арналған сетификаттан бөлек, тұрмыстық техникалар да табысталуда.

Қалада кеше атаулы әлеуметтік көмек бойынша құжат қабылдау басталды. «Nur Otan» партиясының ғимаратындағы арнайы кеңсеге екі күнде 2 мыңнан астам көпбалалы ана келіп, олардың 300-ден астамының құжаттары қабылданған. Өтініш қабылдау осы айдың соңына дейін жалғасады.

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу