Ұлттық киім киетін ұжым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық киім киетін ұжым

07.03.2019

Алматы облыстық «Жетісу» газетінің редакциясы көктемнің алғашқы күнінен бері оюмен оқаланған камзол, шапан, тақияны тұрақты киіп жүреміз деп шешті. Бас редактордан бастап, журналистер, фототілшілер, дизайнерлер мен есеп-қисап бөлімінің қызметкерлері осылайша өзгелерге үлгі болып отыр.

Қазіргі таңда Жетісу өңірінің басқа да ұжымдары осы бастамаға қолдау көрсетіп, жұмысқа ұлттық киіммен келіп-кетіп жатыр. Ғасырлық тарихы бар басылым Жетісу аймағының қайнаған тіршілігінің айнасы болғандықтан, оның әрбір қызметкері қоғамға жаңа леп әкелуге тырысып бағуда.

Әміре Әрін, «Жетісу» газетінің бас редакторы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты:

- Ата-бабамыздан қалған асыл мұраға көштік. Бұл енді тұрақты түрде болады. Қоғамның қозғаушы күшіне айналған журналистер үлгі көрсетпегенде, кім үлгі көрсетпек?

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу