Елімізде бір жылда 300-ге жуық адам жұмыс орнында қаза табады. Ал мыңдаған жұмысшы еңбек қауіпсіздігін сақтамағандықтан, мүгедек болып қалады. Бұл туралы бүгін «Қауіпсіз еңбек» атты ақпараттық науқанның басталуында айтылды. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары ел азаматтарының 23 проценті зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді дейді. Жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту мақсатында былтыр 8 мың тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде 11 мыңнан аса заңбұзушылық анықталып, 402 млн. теңге айыппұл салынған. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін әр жұмысшының талаптарды орындап, өз құқықтарын білуі маңызды. Ақпараттық науқан кезінде осы мәселеге ерекше екпін берілмек.
Төлеген Оспанқұлов, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары:
- Жарақат алған жағдайлар жас жұмысшылармен болып жатыр. Олардың жұмысқа деген қабілеттілігі, екінші еңбек қауіпсіздігін сақтамауы.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ