Мәскеуде коронавирус жұқтырғандарға арналған емханадан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде коронавирус жұқтырғандарға арналған емханадан өрт шықты

25.06.2021

Мәскеуде коронавирус жұқтырғандарға арналған емханадан өрт шығып, 80 адам эвакуацияланды. Жапа шеккендер жоқ. Ал осыдан екі апта бұрын Рязань облысында да Ковид індетіне шалдыққандар емделіп жатқан клиникалық ауруханада ӨЖЖ аппараты өртеніп, 11 адам зардап шеккен еді. Тағы 3 науқас қайтыс болған. Айта кетейік, соңғы 2,5 жылда Ресей ауруханаларында 300-ге жуық өрт оқиғасы тіркелген. 

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу