БҚО-да 21 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да 21 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі

05.03.2019

Батыс Қазақстанда шілдеден бастап 21 мыңнан астам әлжуаз отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Мұндай жанұялардағы әр балаға 20789 теңге жәрдемақы беріледі. Және табыс көзін есептегенде бұрынғыдай шәкіртақы, жәрдемақы, тағы басқа көмек кіріске саналмайды.

Жалпы, өңірде 12 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Олардың жәрдемақы алуы жеңілдейді. Бұрынғыдай 8 құжаттың орнына тек бір ғана – жеке бас куәлігін тапсырса жеткілікті. Баспана мәселесі де назарда. Биыл Орал мен Ақсай қалаларында 20 көпқабатты, ал ауыл-аймақта 70 тұрғын үй құрылысы басталды.

Жанна Әлдібаева, көпбалалы ана:

- Көпбалалы отбасымыз, 5 балам бар. Жасым 30-да. Қазіргі уақытта Теректі аудандық ауруханасында әлеуметтік қызметкер болып еңбек етемін. Былтыр АСП ретінде 300 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. 145 мыңына ірі қара мал алдық, қалғанына жем-шөбін алдық.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу