Астаналық құтқарушылар Азаматтық қорғаныс күніне орай кеш ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық құтқарушылар Азаматтық қорғаныс күніне орай кеш ұйымдастырды

04.03.2019

Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Биылғы Азаматтық қорғаныс күні мерекесі осындай атаумен тойланды. Астаналық құтқарушылар мерейлі мерекеге орай үлкен кеш ұйымдастырып, оқушы балалармен кездесті. Өздерінің қиындық пен қызыққа толы жұмыстары туралы айтып, бүлдіршіндерді осы мамандықты таңдауға шақырды. Ал өнерлі жастар болса, мереке иелерін құттықтап өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Марғұлан Аманбаев, Астана қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы:

- Астана қаласында 85 оқу орны болатын болса, әрбірінде өрт сөндіру ұйымдары орналасқан. Біздің жұмысымыздың негізгі міндеті төтенше жағдайларды, техногендік және де табиғи жағдайлардың алдын алып, үйрету, бірінші көмек көрсету. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу