Бүгін - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

01.03.2023

Бүгін сондай-ақ, дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні. Осыған орай, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті оқушылар үшін ауқымды көрме ұйымдастырды.

Шарада жастар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың апат аймағында қолданатын құрал-жабдықтарымен танысты. Сондай-ақ, осы жолы Түркиядағы зілзалада адамдарды құтқаруға атсалысқан Мирта есімді ит оқушылардың ерекше қызығушылығын туғызды.

Николай Попов, бірінші дәрежелі құтқарушы:

Түркиядағы құтқару операциясына қатыстық. Осы ит үйіндіге айналған үйлердің астынан тірі қалған бір адамды тауып, өмірін арашалауға септігін тигізді. Мирта неміс овчаркасы. Құтқарушылар қатарында жүргеніне 6 жылдан асты. Өте ақылды ит.


Хабарламаларға жазылу