Азаматтық қорғаныс қызметіне – 20 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтық қорғаныс қызметіне – 20 жыл

16.10.2015
Азаматтық қорғаныс қызметіне – 20 жыл

Елордалық өрт сөндірушілер мектеп оқушыларымен кездесіп, «тілсіз жаумен» қалай күресуге болатынын, өрттің алдын алу жолдарын түсіндірді. Тұрмыстық және техникалық заттарды пайдаланудағы сақтық та үйретіліп, жеткіншектер түрлі техникалармен танысып, қолдан жасалған өртті сөндіріп көрді.

Шара Азаматтық қорғаныс қызметінің 20-жылдығына орай өткізілді. Жасөспірімдердің өрт қауіпсіздігін сақтау үшін былтырдан бастап Оқушылар сарайында «Жас құтқарушылар» үйірмесі жұмыс істеуде.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу