Түркістан облысында полицейлер 32 мал ұрлығын әшкереледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында полицейлер 32 мал ұрлығын әшкереледі

28.02.2019

4 барымташы қылмыстық топтың мүшелерін құрықтады. Облыс аумағын тұтастай қамтыған жедел іздестіру шарасына әкімшілік, жергілікті және криминалды полиция мен ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері қатысты. Олар мал сату орындары, ет өңдейтін кәсіпорындар мен қасапханаларды, мал тасымалдайтын көліктерді тексеріп шықты.

Өңірдің ауыл-аймақтағы жолдарына 40 тосқауыл бекеті қойылды. Осы рейдтік тексерудің барысында Отырар ауданында жайылымнан төрт түлікті айдап әкетіп бара жатқан жерінен ұрылар тобы ұсталды. Барымташылардың үшеуі де жергілікті жердің азаматтары болып шықты. Олардың біреуі осыған дейін қылмыс жасап, сотты болған.

Аман Бұрханов, облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Қылмыстық топтың мал ұрлығына қатысты үш қылмысы дәлелденді. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу