Қызылорда облысында жыл басынан бері мал ұрлаған 37 қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында жыл басынан бері мал ұрлаған 37 қылмыстық топ ұсталды

22.09.2022

Қызылорда облысында жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты жүзден аса дерек тіркелген. Полиция төрт түлікке қырғидай тиген 37 қылмыстық топтың ізін кесіп, қолға түсірді.

Мал ұрлығы әсіресе, Сырдария, Жалағаш, Жаңақорған аудандарында тыйылар емес. Әккі барымташылар өрістен ғана емес, қорадағы түлікті де қолды қылып келген. Дегенмен полицейлер 80 пайыз жағдайда жапан далада қараусыз қалған мал ұрланады деп отыр. Бақташысыз жайылған түрт-түлік иелеріне де инспекторлармен мыңнан аса ескерту берілген. Жалпы, өңірде бөтен мүлік ұрлығы және барымташылықпен айналысқан 304 адам қылмыстық жауапқа тартылған.

Хабарламаларға жазылу