Павлодарда мұнай-химия кластері қалыптасты. Соған орай мұнай мен газ саласының білгірлері осы қалада бас қосты. Жиынға Қазақстан, Ресей және литвалық 130-ға тарта маман қатысты. Мұнай-химия зауытында шикізаттарды терең өңдеу құрылымдары салынған. Шетелдік және жергілікті инвесторларды тарту арқылы өндіріс әртараптандырылған.
Семинарға келген ғалымдар мұның экономикалық, техникалық тиімділігін талдады. Сондай-ақ, жаңа технологиялар, сорғы-компрессорлар, аспаптар, аппараттарды пайдалану мүмкіндіктері көрсетілді.
Виктор Тюлин, кәсіпорын басшысы:
- Павлодар мұнай-химия зауытымен бұрыннан әріптестік қатынастамыз. Жөндеу жүргізу, сервистік қызмет көрсету, өзіміздегі жабдықтарды осында әкеп орнату бағытында жұмыс істегіміз келеді. Бұл - ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосып отырған отандық ірі кәсіпорындардың бірі. Сондықтан біз осындағы ұсынылатын жұмыстарды өзіміз атқарып ішкі нарықтан шетелдік фирмаларды ығыстырып шығаруға мүдделіміз.
Болат АМАНБАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.