Президент мұнай-газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент мұнай-газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді

05.09.2019

Қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде қазақстандық мұнайшылар төл мерекесін атап өтеді. Биылғы мерекенің жөні бөлек. Өйткені Қазақстан мұнайына 120 жыл толды. Яғни, қазақ даласына бұрғы салынып, алғашқы мұнай фонтаны атқылағанына осынша уақыт. Осы атаулы датаға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнайлы өлке Атырауға арнайы жұмыс сапарымен барып, саланы дамыту жөніндегі кеңейтілген отырыс өткізді. 

Отандық мұнай саласының тарихы осы өңірден бастау алады. 1899 жылы ашылған Қарашүңгіл мен бүгінгі Қашағанға дейінгі аралықта мұнай-газ саласы ел экономикасының көшбасшысына айналды. Қазір елімізде 300-ден астам кен орны сәтті игеріліп жатыр. Ұлттық қорға мұнай-газ саласы 31 триллион теңге кіріс әкелген. Экспорт көлемі 5 есе артып, 66 млн тоннаға жетіпті. Қазір Каспий мұнай құбыры арқылы Теңіз, Қашаған, Қарашығанақтың мұнайы 36 елге жол тартуда. Президент жиында мұнай-газ саласының өзге де жетістігі мен кем-кетігін түгендеуді Үкіметке тапсырды.

Хабарламаларға жазылу