БҚО-да аң аулаудан сайыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да аң аулаудан сайыс өтті

31.01.2019

«Ата кәсіп - елге нәсіп». Батыс Қазақстанның Сырым ауданында кәсіби және әуесқой аң аулаудан сайыс өтті. Оған заңды қаруы және аң аулауға жолдамасы бар сайыскерлер жіберілді. Алдымен, жұртшылық тазылар жарысына тәнті болды. Содан соң құмайларды қоянға салды. Бұл бөлімде иттің иісшілдігі, із кесу шеберлігі сыналды. Осы аралықта бір топ аңшы мылтықтарын асынып, аяғына шаңғы іліп, тоғай сүзді. Олар қанжығаларын майлап келгенше, мергендікті анықтайтын сайыста үздіктер анықталды.

Рүстем Мағзомов, тұрғын:

- Қазақтың тазысы жарғақ, шашақ деп екіге бөлінген. Жарғақты жоқ десе де болады. Сирек кездеседі. Шашағы бар, бірақ көп емес. Орал облысы бойынша да 60-70 адам тазы ұстап отыр.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу