БҚО-да заңсыз киік аулаған екі қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да заңсыз киік аулаған екі қылмыстық топ ұсталды

30.11.2020

БҚО-да заңсыз киік аулаумен айналысқан екі қылмыстық топ құрықталды. Жедел шара кезінде 11 күдікті қолға түсті. Олар өткен жылдың қыркүйегі мен биылғы жылдың мамыр аралығында Қазталов, Жаңақала, Жәнібек аудандары аумағында заңсыз аң аулаған. Олардан ақбөкеннің 700 мүйізі мен қару-жарақ, оқ дәрілер, жол талғамайтын жеті көлік, екі мотоцикл, түнде көруге арналған құрылғылар тәркіленіп отыр. 

Болатбек Белгібеков БҚО Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Қазіргі уақытта ҚК-тің 337, 339 және 162-ші бабтары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Олардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан экологиямызға 700 млн-нан астам шығын келді.

Рауан Диәли

БҚО браконьер полиция

Хабарламаларға жазылу