Ауылды өркендету үшін сол өңірдегі ауылшаруашылық нысандарын жарнамалау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылды өркендету үшін сол өңірдегі ауылшаруашылық нысандарын жарнамалау қажет

18.01.2019

Ауылды өркендету үшін сол өңірдегі ауылшаруашылық нысандарын өзгелерге үлгі ете отырып, жарнамалау қажет. Осындай пікірді «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің мүшелері білдірді. Ұйымның отырысына Қоғамдық даму және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері қатысты. Шарада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде тиімді еңбек идеологиясын қалыптастыру мәселелері, «Ауыл - ел бесігі» жобасының іске асырылу барысы талқыланды. Айта кетейік, «Мирас» кеңесі - қоғамдағы мәселелерге, бастамаларға байланысты Үкіметке зиялы қауым атынан үндеу жолдап отыратын ұйым.

Яков Федоров, «Мирас» республикалық кеңесінің мүшесі:

- Өте көп ауданда болдым. Қандай тенденция бар? Мысалы, ауылда жақсы шаруа қожалығы немесе өндіріс бар болса, ауыл жақсы тұрады. Сол себепті, бізге сондай үлгіні шаруа қожалықтары халыққа көрсету керек.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу