Ауыл шаруашылық кооперацияларын дамыту қажет

06.06.2014
Ауыл шаруашылық кооперацияларын дамыту қажет
Еліміздің әр өңірінде ауылшаруашылық кооперацияларын дамыту қажет. Бүгін Алматыда ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары мен құрылым өкілдері бас қосып, күрмеуі қиын мәселелерді ортаға салды.
 
Мамандардың айтуынша, қазіргі мал шаруашылығындағы көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Ауыз толтырып айтарлық 180 миллион гектар жайылым жер бар.
 
Десек те, оның тең жартысы пайдаланылмай жатыр. Мұның барлығы саланың дамуына тежеу.
 
Сол үшін шағын шаруа қожалықтарын біріктіріп, соңғы үлгідегі техниканы пайдалану қажет. Әрі елді мекендерден қашықта орналасқан аудандардың өнімдерін дереу жеткізіп, шаруашылықтардың бағытын қайта қарау жөн, дейді жиынға қатысқан мамандар. Бұл ретте ғалымдар қолданыстағы Заңды жаңарту қажет, деп отыр.
 
Ғани Қалиев, ҚР Ауылшаруашылық ғылымдары академиясының президенті:
XXI ғасырда білімнің, ғылымның, техниканың жетістіктерін пайдалана білуіміз керек. Ол үшін кішігірім шаруашылықтардың басын біріктіріп, кооперация ұйымдастыру керек. Бірақ, ол туралы халыққа түсіндіріп айтылмай жатыр. Тиімді ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөнінде Заң жоқ. Қазір соған өзгерістер енгізіп, сол Заңды ұсынғалы отырмыз.
 
Әйгерім МУСИНА

Хабарламаларға жазылу