Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше аймақта ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше аймақта ескерту жарияланды

07.01.2019

«Қазгидрометтің» мәліметтеріне қарағанда, 8-9 қаңтар аралығында Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы күшейеді. Атап айтқанда, 8 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 9 қаңтарда түнде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін артады. Оның үстіне, көктайғақ пен тұман болады деп болжануда. Қызылорда облысының Сырдария өзенінде мұз құбылыстарының  бұзылуына байланысты өзен арнасынан тасуы ықтимал. Сондай-ақ, Түркістан облысының таулы жерлерінде мол жауын-шашын түсіп, салдарынан өзен арнасынан тасып, кей жерлерді қызыл су басу қаупі бар.

Ербол МӘНДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу